Accessibility links

Литва: Ресей Калининград жайлы келісімді бұзды


Балтық теңізінде жүрген ресейлік әскери кеме. Калининград облысы, Ресей. (Көрнекі сурет)

Балтық теңізінде жүрген ресейлік әскери кеме. Калининград облысы, Ресей. (Көрнекі сурет)

Литва қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей Калининград облысындағы қорғаныс күштері туралы ақпаратты беріп отыру туралы келісімді біржақты түрде тоқтатқан.

Министрліктің 5 мамыр күні таратқан мәлімдемесінде Мәскеудің Вильнюсті 2001 жылы жасасқан келісімді орындамайтынын ескерткені айтылған. Литва Ресейдің бұл әрекетін "Еуропадағы қауіпсіздік жүйесі мен өзара сенімді бұзуды көздеген" тағы бір қадам деп бағалады.

Мәскеу Балтық әскери-теңіз флотының штаб-пәтері орналасқан Калининград облысындағы қарулы күштері туралы ақпарат беруді 2007 жылы, Еуропадағы қарапайым қарулы күштер туралы келісімге мораторий енгізілген соң тоқтатқан.

Бірақ 2001 жылғы келісім бойынша қазірге дейін Литваның Калининградтағы Ресей қарулы күштерін тексеріп отыруына рұқсат етіліп келген еді.

Ресейдің Украинамен шекарасына әскерін шоғырландырып, Беларусьқа жойғыш ұшақтарын жібергеніне жауап ретінде өткен аптада НАТО Литваға әскери ұшақтарын орналастыра бастаған.
XS
SM
MD
LG