Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасары Қазақстанға келеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасары Уильям Бернс.

АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасары Уильям Бернс.

АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасары Уильям Бернс 7-8 мамырда Қазақстанға келеді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Бернс 6-7 мамырда әуелі Ташкентте Өзбекстан билігі өкілдерімен кездесіп, Ауғанстанның болашағына қатысты мәселелерді талқылайды. Бұған қоса ол ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездеспек.

Қазақстанда Бернс бірқатар халықаралық проблемаларды, оның ішінде Украинадағы жағдай, Ауғанстан мәселесі, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелерін талқыламақ. Астанада ол журналистер алдында сөйлейді.

Мемлекеттік департамент таратқан ақпаратта Орталық Азия аймағының гүлденуі мен қауіпсіздігінің сақталуына АҚШ-тың мүдделі екендігі айтылған.

АҚШ Қазақстан және Өзбекстанмен аймақтық қауіпсіздікті нығайту, сауда-саттықты дамыту, экономикалық серіктестік пен адам құқықтары және азаматтық қоғамды нығайту салаларында ынтымақтастық орнатқан.
XS
SM
MD
LG