Accessibility links

"Үлкен жетілік" Ресейге жаңа санкция салуға әзір


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни.

Егер Ресей Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігіне қол сұғуын ары қарай да жалғастыра беретін болса, АҚШ пен "Үлкен жетіліктің" өзге де елдері Ресейге жаңа санкциялар салуға дайын. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни мәлімдеді.

Карнидің айтуынша, Мәскеу егер қазір қолданып жатқан әдістерін пайдаланып, Украинаның территориялық тұтастығына қол сұғуын жалғастыра берсе немесе Украинаға әскерін кіргізу әрекеттерін жасаса, АҚШ пен Еуропа Одағы және "Үлкен жетіліктің" өзге де елдері бұған дейінгі санкциялардан да қатаң санкциялар енгізуге әзір.

Ақ үйді Одессадағы жағдайлар алаңдатып отыр.

"Украинаның Одессадан айырылу қаупі тууы шиеленісті дереу реттеу қажеттігін көрсетіп отыр" деді Джей Карни.
XS
SM
MD
LG