Accessibility links

Молдова әскерін дайындыққа келтірді


Молдова президенті Николае Тимофти.

Молдова президенті Николае Тимофти.

Молдова көршілес Украинадағы жағдайдың ушығып, зорлық-зомбылықтың күшейгеніне байланысты шекара күштерін әскери дайындық жағдайына келтірді.

Молдова президенті Николае Тимофти, премьер-министр Юрий Лянкэ және парламерт спикері Игорь Корманның 5 мамыр күні бірлесе жасаған мәлімдемесінде Молдова қауіпсіздік күштеріне "елде қоғамдық тәртіпті сақтауда барлық қажетті іс-қимылдарды атқаруға" бұйрық берілгені айтылған.

Молдова басшылары бұған қоса мәлімдемеде Кишиневтің Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын білдірген.

Соңғы күндері Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер орныққан қалаларда арнайы операцияларда үкімет күштері мен сепаратистер қатарынан ондаған адам қаза тапқан. 5 мамыр күні Украина портты Одесса қаласына арнайы әскер бөлімін кіргізген.

Ресей Молдованың жікшіл Приднестровье аймағында 1500-ге тарта әскер ұстайды. Приднестровье аймағының белсенділері соңғы кездері аймақтың Ресейге қосылуын сұрап жүр.

Молдованың еуропашыл премьер-министрі бұған дейін Приднестровье тарапынан "арандатушылық болатынын" ескерткен еді. НАТО өкілдері де "Ресей Приднестровье аймағында әскери арандатушылық жасауы мүмкін" деген.
XS
SM
MD
LG