Accessibility links

Украинада Донецк әуежайы жабылды


Донецкіде жүрген ресейшіл белсенділер. 5 мамыр 2014 жыл.
Донецкіде жүрген ресейшіл белсенділер. 5 мамыр 2014 жыл.
Украинаның ресейшіл сепаратистерге қарсы арнайы операция жүріп жатқан Донецк қаласында әуежай жабылды.

Донецк әуежайының бүгін таратқан хабарламасында әуежайдан ұшып шығатын және ұшып келетін рейстер "үкіметтің бұйрығымен тоқтатылғаны" айтылған. Украина билігі әзірге әуежайдың жабылғаны туралы ақпарат таратқан жоқ. Әуежай өкілі әуежайдың қанша уақытқа жабылғаны белгісіз екенін айтады.

5 мамыр күні Донецкіде арнайы операция барысында үкімет күштері мен сепаратистер жағынан да адамдар қаза болғаны туралы хабарланған. Одан бір күн бұрын Славянск қаласы маңында атыстан үкімет күштерінің төрт сарбазы мен ресейшіл топтардың 20 мүшесі қаза тапқан еді.

Украина армиясы ресейшіл сепаратистер үкімет үйлері мен ғимараттарын басып алған бірнеше қалада қайтадан бақылау орнатуға күш салып жатыр.
XS
SM
MD
LG