Accessibility links

Ұлыбритания: Ресей Украинада сайлауды өткізбеуге тырысады


Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг.
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг.
"Ресей Украинада 25 мамырға белгіленген кезектен тыс президент сайлауын өткіздірмеуге әрекеттеніп жатыр" деп мәлімдеді бүгін Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг.

Венада Еуропа кеңесінің жиынына қатысуға барған Хейг жиында көтерілетін басты тақырыптардың бірі - Украинадағы жағдай болатынын айтты. Ол украиндықтардың "еркін, демократиялық сайлауда президент сайлауға құқығы барын" да білдірді.

Еуропа кеңесі жиынына Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Андрей Дещица да қатысады.

Жиынға қатысуға Еуропа кеңесіне мүше елдерден 30-ға тарта дипломат жиналған.
XS
SM
MD
LG