Accessibility links

Донецк сепаратистері бірнеше адамды босатты


Ресейшіл сепаратистер ұстап алып, ұрып-соққан кенші Александр Вовк. Донецк, 6 мамыр 2014 жыл.
Ресейшіл сепаратистер ұстап алып, ұрып-соққан кенші Александр Вовк. Донецк, 6 мамыр 2014 жыл.
Донецк облысының өзін-өзі қорғау жасағының басшысы, Майданды жақтаушы Александр Якубович босатылды. Оны сепаратистер 2 мамыр күні Донецкіде ұстаған еді. Бұл туралы Facebook арқылы "Цензор.НЕТ" басылымының редакторы Юрий Бутусов хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, Якубовичті азаптаған, ұрып-соққан, қазір ол Киевке жеткізілген.

6 мамыр күні Донецкіде сепаратистер тағы үш адамды босатты. Оларды ресейшілдер шахтерлер қаласы Новогродовкада жексенбі күні ұстаған. Олардан бөлек тағы үш адам дүйсенбіге ауған түні босатылды. Олардың бәрін сепаратистер Новогродовкада ұстаған, бәрі - Киевтегі жаңа биліктің жақтастары, шахтерлер мен жергілікті парламент депутаттары.

Босатылғандардың бірі - кенші Александр Вовк. Ол Азаттыққа қарулы адамдардың оларды қалай ұстағанын айтып берді. Қашуға тырысқандарды қарумен қорқытқан. Аспанға оқ атып, тырп еткізбеген. Донецкідегі облыстық кеңес ғимаратында ұсталғандарды "масқаралау дәлізінен" өткізген. Яғни тілдеп, мазақ еткен. Александр Вовк "ғимаратқа кіргізгеннен кейін, тергеді, ұрып-соқты" дейді.
XS
SM
MD
LG