Accessibility links

Пәкістан парламенті YouTube-ке тыйымды жоймақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Пәкістан парламенті депутаттары YouTube-ке салынған тыйымды алып тастауға бірауыздан дауыс берді. Бұл елде YouTube 2012 жылы қыркүйек айында жабылған еді. Алайда парламенттің бұл қарары міндетті болып саналмайды, бірақ құқық қорғаушылар мұның өзін "жақсылық нышаны" деп бағалады.

Парламенттегі дауыс беру нәтижесіне байланысты Пәкістанның денсаулық сақтау министрі Сайра Афзал Тарар "үкіметтің де тыйымды алып тастауды жақтайтынын" мәлімдеді. Алайда Тарардың айтуынша, соңғы шешімді сот шығарады, өйткені аталған желінің осы елдегі таралымы Пәкістан жоғарғы соты шешімімен жабылған.

Министрдің айтуынша, парламент тыйымды алып тастау мәселесімен айналысатын комитет құра алады. Пәкістанда YouTube "Мұсылмандар пәктігі" фильмі шыққаннан кейін жабылған еді. Фильмді YouTube арқылы көрген тұрғындар қарсылық акцияларын өткізген.
XS
SM
MD
LG