Accessibility links

Ұлыбритания Әзербайжанның сот жүйесін айыптады


Оппозиция белсенділеріне шыққан үкімге наразы адамды полиция ұстап жатыр. Баку, 6 мамыр 2014 жыл.

Оппозиция белсенділеріне шыққан үкімге наразы адамды полиция ұстап жатыр. Баку, 6 мамыр 2014 жыл.

Ұлыбритания үкіметі Әзербайжанның сот жүйесіндегі әділетсіздікке алаңдаушылығын білдірді.

Баку соты 6 мамыр күні елдегі оппозициялық жастар қозғалысының сегіз белсендісін түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Белсенділерге "жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, қару сақтады, есірткі сатты" деген айыптар тағылған. Олар алты жылдан сегіз жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Ұлыбританияның Еуропа істері жөніндегі министрі Дэвид Лидингтон "Британияның бұл сот процестерін бастан-аяқ бақылағанын" айтады. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі сайтында жарияланған мәлімдемеде Лидингтон "соттың көптеген кемшіліктермен өткенін" ескерткен.

Ол "Британияның Әзербайжандағы саяси тұтқындаулар мен саяси себептермен адамдарды түрмеде ұстау тенденциясына алаңдайтынын" айтқан.

Оппозиция белсенділеріне үкім шыққан 6 мамыр күні Баку соты ғимараты алдында ондаған адам полициямен қақтығысты.
XS
SM
MD
LG