Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс болды


Қырғыз-тәжік шекарашылары. (Көрнекі сурет)

Қырғыз-тәжік шекарашылары. (Көрнекі сурет)

Тәжік-қырғыз шекарасында орналасқан елді мекенде болған қақтығыстан шамамен 30 адам жараланды.

7 мамыр күні кешке Қырғызстандағы Көк-Таш ауылының тұрғындары мен Қырғызстан территориясындағы Тәжікстан эксклавы - Ворух тұрғындары қақтығысты. Дау тас лақтыруға ұласқан. Кем дегенде бір көлік өртенді. Тұрғындарды тарату үшін шекарашылар мен құқық қорғау органдары өкілдері ескерту ретінде аспанға оқ атуға мәжбүр болды.

Шамамен осы уақытта Тәжікстан азаматтары деп танылған бір топ адам Көк-Таш ауылынан 30 километр жердегі Жака-Орук ауылындағы дүкенді өртеп жіберді. Екі елді жалғастыратын жолды екі жақтың азаматтары жауып тастады.

Жыл басынан бері Ош-Исфара тас жолы тұрғындар арасындағы қақтығыстардың кесірінен көбінесе жабық тұрды.
XS
SM
MD
LG