Accessibility links

Нигериядағы шабуылдан жүздеген адам қаза тапты


"Боко харам" содырлары видео-мәлімдеме жасап тұр.
"Боко харам" содырлары видео-мәлімдеме жасап тұр.
Нигериядағы "Боко харам" содырлары саналатын қарулы адамдар елдің солтүстік-шығысында орналасқан қалаға шабуыл жасағаны, одан жүздеген адамның қаза тапқаны хабарланды.

Осы аймақтың сенаторы Ахмед Зана және басқа да билік өкілдерінің хабарлауынша, қарулы топ Гамбору-Нгала қаласына шабуыл жасаған. Олар бейбіт тұрғындарды атып, үйлер мен дүкендерді өртеген. Ақпараттарға қарағанда, 300-дей адам опат болған. Шабуыл 5 мамыр күні кешке басталып, 12 сағатқа созылған.

"Боко харам" содырлары сәуір айында Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан Борно аймағындағы мектептен кепілге алған 270 оқушы қызды әлі ұстап отыр. Зананың айтуынша, Гамбору-Нгала қаласындағы әскерді оқушы қыздарды құтқару операциясына алып кеткен. Содырлар қорғансыз қалған қалаға шабуыл жасаған.

Кейінгі уақытта Нигериядағы исламшылдар бірнеше қанды шабуыл ұйымдастырды.
XS
SM
MD
LG