Accessibility links

Оппозиционер Жанұзақовқа айып тағылды


Оппозиционер Марата Жанұзақов.
Оппозиционер Марата Жанұзақов.
Қазақстанның қаржы полициясы оппозиционер Марата Жанұзақовты "заңсыз ақшаны заңдастыру" туралы іс бойынша тергеу туралы қаулы шығарды. Марат Жанұзақовтың Алматы қаласынан шығуына тыйым салынды.

Мұның алдында, 30 сәуір күні, қаржы полициясының тергеушісі Руслан Миров Жанұзақовты осы іс бойынша күдікті деп танып, одан қаладан шықпау жөнінде қолхат алған еді.

Жанұзақовқа бұл айып оның Қырғызстан астанасы Бішкек қаласына сапары қарсаңында тағылып отыр. Бішкекте Қазақстанның социалистік қозғалысы жиыны өтпек.

"Заңсыз ақша" туралы іс 2013 жылы қозғалды. Сол жылы "Алға" партиясының (ұйым 2012 жылдың соңында экстремизм айыбы бойынша жабылды) бұрынғы белсендісі Перизат Қасымова "партия мен "Азаттық" сыйлығын оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязов қаржыландыратынын" мәлімдеді. Бұл іске Марат Жанұзақов куәгер ретінде қатысып жатқан.

2013 жылы желтоқсан айында іс жабылды. Алайда 2014 жылы 30 сәуір күні Алматы қаласы Медеу ауданы прокуроры Мадияр Басшыбаев бұл істі қайта ашып, оны қаржы полициясына тергеуге жіберді.
XS
SM
MD
LG