Accessibility links

Қытайда оппозицияшыл журналист тұтқындалды


Қытайдағы «Синьхуа» ресми агенттігінің хабарлауынша, елдегі белгілі оппозицияшыл журналист әйел Гао Ю мемлекеттік маңызы бар құпия ақпаратты шетелге берді деген айыппен тұтқындалған.

Қытай орталық телеарнасы 8 мамырда 70 жастағы журналистің "заң бұзып, ел мүддесіне кесірін тигізгенін" мойындағаны жайлы хабар көрсеткен. Батыс ақпарат құралдары ол видеода журналистің беті анық көрсетілмегенін айтады.

Гао Ю бұдан 25 жыл бұрын мемлекеттік БАҚ-та жұмыс істеп жүрген кезінде, 1989 жылы 4 маусымда Тяньаньмэнь алаңында жүздеген шеруші әскер оғынан көз жұмған кезде ол қарсылық акциясын жақтаған.

Ол 1993 жылы мемлекет құпиясын жария еткені үшін алты жыл түрме жазасына кесілген.

Қытайда Тяньаньмэнь оқиғасының 25 жылдығы қарсаңында көптеген белсенділер ұсталып жатыр.
XS
SM
MD
LG