Accessibility links

Ресей: Украина газға алдын ала төлем жасауы тиіс


Киев маңындағы газ тарату станциясындағы есептегіш аспап. (Көрнекі сурет)
Киев маңындағы газ тарату станциясындағы есептегіш аспап. (Көрнекі сурет)
Ресей Украинаға газды алдын ала төлем жасаған соң ғана беретін жаңа тәртіп енгізетін болады. Бұл туралы мәлімдеген Ресей энергетика министрі Александр Новак жаңа тәртіп маусымның 1-інен бастап енетінін хабарлады.

Украинаның бұған дейін алған газ үшін 3,5 миллиард доллар қарызды дер кезінде төлеп үлгермеген. Төлем мерзімі 7 мамыр күні аяқталды. Қарызды өтеуге уәде еткен Киев ресейлік «Газпром» компаниясының жаңа баға саясатымен келіспей отыр. Украинада Виктор Янукович биліктен тайдырылған соң «Газпром» Украинаға сататын бір текше метр газ бағасын 285 доллардан 485 долларға дейін қымбаттатып жіберген.

Ресейдің Украинаға газды енді тек алдын ала төлем жасағаннан кейін ғана сататыны туралы мәлімдемемен бірге «Газпром» компаниясы Латвияға сататын газ көлемін 20 пайызға азайтатыны жайлы ақпарат тарады.
XS
SM
MD
LG