Accessibility links

Қазақстанда Жеңіс күні мерекесін атап өтті


Алматыдағы 28 панфиловшы-гврадияшылар саябағындағы соғыс құрбандары ескерткішіндегі мәңгілік алау. (Көрнекі сурет)
Алматыдағы 28 панфиловшы-гврадияшылар саябағындағы соғыс құрбандары ескерткішіндегі мәңгілік алау. (Көрнекі сурет)
Бүгін Қазақстанда 1941-1945 жылдары аралығында болған совет-герман соғысындағы жеңістің 69 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр.

Астана мен Алматыда және өзге де елдімекендерде екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандықтарды еске алып, соғыс құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл қою рәсімі өтті.

Астанадағы «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алуға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұдан соң ол Қазақстан халқын Жеңіс күні мерекесімен құттықтап сөйлеген сөзінде ел қорғауға аттанған екі миллионға жуық қазақстандықтардың майданнан оралмағанын атап өтті.

«Арамызда жүргендер соғыста да, еңбекте де еңбегін сіңірді. Сол Жеңістің барлығы ерліктің, бірліктің арқасында болды. Мінеки, әлі күнге дейін өздерінің тәжірибесін жастарға айтып, бізді патриоттық рухта тәрбиелеп келеді. Ұлтшылдық пен фашизмнің не екенін біздің аталарымыз, ағаларымыз жақсы біледі, соған қарап жастарымыз бірлікке, Отанды қорғауға үйренсе екен дейміз» деген Назарбаев.

Қазақстанда 9 Мамыр - Жеңіс күні мемлекеттік мейрам болып белгіленген.
XS
SM
MD
LG