Accessibility links

Киев дағдарысты «дөңгелек үстел» арқылы шешуді ұсынды


Славняск маңындағы бақылау-өткізу бекетіндегі қарулы ресейшіл белсенді. (Көрнекі сурет)

Славняск маңындағы бақылау-өткізу бекетіндегі қарулы ресейшіл белсенді. (Көрнекі сурет)

Украина билігі елдегі дағдарысты шешу үшін дөңгелек үстел құруды ұсынды. Бұл туралы 8 мамыр күні Украина премьер-министрі Арсений Яценюк пен Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов мәлімдеген.

Олардың айтуынша, дөңгелек үстелге қатысу үшін елдің барлық аймақтарынан саяси күштер мен азаматтық қоғам өкілдері, халықаралық мәмілегерлер шақырылатын болады. Сарапшылар Украина билігінің бұл ұсынысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Швейцария өкілі 8 мамыр күні Киевте таныстырған жол картасының бейбітшілік орнату жөніндегі көптеген баптары қамтылғанын айтады.

Бұның алдында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Украинадағы дағдарысты бірлесіп шешу жайын талқылаған. Украинаның шығысындағы Донецк және Луганскідегі ресейшіл сепаратистер жетекшілері 11 мамырға жоспарлап отырған аталған аймақтардың мәртебесін анықтау туралы референдумнан бас тартпайтындарын мәлімдеген. Оған дейін Ресей президенті Владимир Путин оларды референдум өткізуді кейінге қалдыруға шақырып үндеу жасаған еді.
XS
SM
MD
LG