Accessibility links

Нормандиядағы шараға Путин де қатыспақ


Ресей президениті Владимир Путин. Кремль, Мәскеу. 5 мамыр 2014 жыл.
Ресей президениті Владимир Путин. Кремль, Мәскеу. 5 мамыр 2014 жыл.
Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары одақтастар қарулы күштерінің Нормандияға түскеніне 70 жыл толуына арналған шараларға Ресей президениті Владимир Путин де қатыспақшы. Бұл туралы Ресейдің Франциядағы елшісі Александр Орлов мәлімдеген.

Украинада дағдарыстар басталған және Қырымды өзіне қосып алған кезден бері Ресей президенті батыс елдерінің басшыларымен осы шарада алғаш рет бетпе бет жолығуы мүмкін. Францияда биыл 6 маусым күні өтетін шараға қатысатындар арасында АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель бар.

Ақ үй Обаманың Нормандиядағы шара кезінде Путинмен кездесуді жоспарлап отырмағанын мәлімдеді. Ал Франция президенті Франсуа Олланд ресейлік әріптесін қонақ ретінде күтетінін айтқан.
XS
SM
MD
LG