Accessibility links

Киевте телемұнара тоннелінде өрт шықты


Киевтегі телемұнараның көлеңкесі. (Көрнекі сурет)
Киевтегі телемұнараның көлеңкесі. (Көрнекі сурет)
Киевте телемұнара мен Украина ұлттық телерадиокомпаниясы ғимаратын жалғастыратын тоннелде байланыс кабелдері өртеніп жатыр.

Украина мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт бүгін таңертең басталған. Оқиға орнына өрт сөндіру техникасы барған, бірақ кабельдерден жоғары кернеулі тоқ өтіп тұрғандықтан олар жалынды сөндіру жұмыстарына кірісе алмай тұр.

Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің айтуынша, кабельді ажыратқан жағдайда телеарналардың хабарлары үзіліп қалады.
XS
SM
MD
LG