Accessibility links

Мариупольде сепаратистермен шайқасып жатыр


Противогаз киіп, Ресей туын ұстап қалалық әкімшілік кеңсесінде тұрған ресейшіл белсенді. Мариуполь, Донецк облысы, 7 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Противогаз киіп, Ресей туын ұстап қалалық әкімшілік кеңсесінде тұрған ресейшіл белсенді. Мариуполь, Донецк облысы, 7 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Украинаның Донецк облысы Мариуполь қаласында украиналық әскерилер мен ресейшіл сепаратистер арасында шайқас жүріп жатыр. УНИАН сайтының хабарлауынша, украиналық сарбаздар Мариуполь ішкі істер басқармасы ғимаратына жасалған сепаратистер шабуылын тойтарған. Сепаратистерден сегіз адам қаза болған.

Жергілікті кейбір бұқаралық ақпарат құралдары дәрігерлерге сілтеме жасап, Мариупольдегі ұрыс барысында екі адам қаза тауып, сегіз адам жараланған деген ақпарат таратты.

Russia Today телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян Тwitter әлеуметтік желісіндегі парағында «хабар дайындап жүргенде оқ тиіп жараланған телеарнаның штаттан тыс тілшісі ауруханаға түскені» туралы жазды.

Ресейшіл белсенділер «үкімет күштері қалалық милиция бөліміне шабуылдап, шеру өткізуге жиналған бейбіт тұрғындарға оқ атты» деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG