Accessibility links

Турчинов Луганск облысы басшысын ауыстырды


Луганскінің мәртебесіне қатысты референдум өткізуге дайындық жүріп жатқан сайлау учаскелерінің бірі. 10 мамыр 2014 жыл.
Луганскінің мәртебесіне қатысты референдум өткізуге дайындық жүріп жатқан сайлау учаскелерінің бірі. 10 мамыр 2014 жыл.
Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов Луганск облысының басшысы Александр Болотскихті қызметтен алып, орнына бұған дейін оның бірінші орынбасары болып істеп келген Ирина Веригинаны тағайындады.

Болотских облыс басшылығына биыл наурыздың 2-і күні тағайындалған еді.

Луганскінің бірқатар аудандары бірнеше аптадан бері ресейшіл сепаратистердің бақылауында қалып отыр. Олар ертең, 11 мамыр күні Луганскінің мәртебесіне қатысты референдум өткізбек. Дәл сондай референдум сепаратистер бас көтерген Донецк қаласында да өтпекші.

Бұған дейін өзін өзі «Донецк халық республикасы» деп жариялаған сепаратистер Донецк облысында мамырдың 25-іне белгіленген Украина президенті сайлауын өткіздірмейтіндерін мәлімдеген еді.

Турчинов Украинаның шығысындағы сепаратистік топтар өкілдерімен келіссөздер өткізуге әзір екенін мәлімдеген. Бірақ ол «елді жоюды мақсат еткен террористермен» келіссөздер болмайтынын да айтқан.

Киев пен батыс елдері Украинаның шығыс аймағында 11 мамырға жоспарланған референдумды «заңсыз» деп санайды.
XS
SM
MD
LG