Accessibility links

Мариупольде шайқас жүріп жатыр


Өртеніп жатқан милиция ғимараты қасында тұрған адамдар. Мариуполь, Укрина, 9 мамыр 2014 жыл.

Өртеніп жатқан милиция ғимараты қасында тұрған адамдар. Мариуполь, Укрина, 9 мамыр 2014 жыл.

Бүгін таңертең Мариупольде Украина күштерінің сепаратистерге қарсы арнайы операциясы барысында Украина ұлттық гвардиясының бір сарбазы қаза тапқан. Ресейлік РИА-Новости агенттігінің хабарлауынша, ұлттық гвардия өз бөлімшелері шегінетіні жайлы мәлімдеген.

Бұған дейін Донецк облыстық әкімшілігі Мариупольдің медицина мекемелеріне сілтеме жасап, жұма күнгі операция барысында жеті адам қаза тауып, 39 адам жарақатпен аурухана түскені туралы хабарлаған.

Жұма күні Украина ішкі істер министрлігі облыстық басқармасы үкімет күштерінің қалалық милиция басқармасын алуға әрекет жасап жатқаны туралы хабарлаған еді. Куәгерлердің сөзінше, ұлттық гвардия оқ астына алған қалалық милиция кеңсесінде өрт шыққан.
XS
SM
MD
LG