Accessibility links

Германия мен Франция Ресейді тағы ескертті


Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Оланд.

Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Оланд.

Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Оланд Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер 11 мамыр күні өткізбек болып отырған референдум заңсыз деп мәлімдеді.

Өз сөзінде Меркель егер Украинада мамырдың 25-іне жоспарланған президент сайлауын өткізу мүмкіндік болмаған жағдайда Еуропа Одағы басшыларын Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуге шақыруға уәде етті. Франция президентімен бірлескен мәлімдемесінде Германия канцлері егер президент сайлауы өтпейтін болса Украинада жағдай "бұдан ары тұрақсыздана түсетінін" айтты.

Германияның солтүстік-шығысындағы Штральзундте екеуара кездескен Оланд пен Меркель Ресейді Украинамен шекарадағы әскер санын елеулі түрде қысқартуға шақырды.

Бұған дейін өзін өзі «Донецк халық республикасы» деп жариялаған сепаратистер Украинаның Донецк облысында президент сайлауын өткіздірмейтіндерін мәлімдеген еді. Олар облыстағы барлық округтік сайлау комиссияларын өз бақылауында ұстап отырғандарын айтады.
XS
SM
MD
LG