Accessibility links

Сирия: Хомсқа тұрғындар орала бастады


Сирия үкіметі мен көтерілісшілер келісіміне сәйкес, Хомстан шығаруды күтіп отырған тұрғындар. 12 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сирия үкіметі мен көтерілісшілер келісіміне сәйкес, Хомстан шығаруды күтіп отырған тұрғындар. 12 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сириядағы Хомс қаласының Ескі шахар деп аталатын бөлігіне соңғы екі жылда алғаш рет жүздеген тұрғын қайтып оралды.

Бұған дейін үкімет пен көтерілісшілер арасында жүргізілген келіссөздерге сәйкес, билікке қарулы қарсылық танытып жатқан күштер Хомсты тастап шыққан. Көтерілісшілер мінген автокөліктердің соңы 9 мамыр күні қаладан кеткен соң, олардың орнына келген үкімет әскері бұл аумақта миналар және өзге де жарлығыш заттардың бар-жоғын тексерген.

Хомс провинциясының губернаторы Сирияның мемлекеттік SANA агенттігіне бұған дейін көтерілісшілер қолында болып келген қала аудандары «енді қауіпсіз» екенін айтқан.

Соңғы екі жыл бойы Хомс қаласы Сирия президенті Башар Асад режиміне қарсы көтеріліс ошақтарының бірі болып келген еді.

Сириядағы қақтығыстар 2011 жылы наурызда ресми Дамаск үкіметке қарсы жаппай халық толқуларын күшпен басқан соң басталған. Қақтығыстардан үш жылдан бері 150 мыңнан астам адам қаза болған.

Сирия билігі соңы қақтығыстарға ұласқан толқуларды шетел қолдайды деген ұстанымда және көтерілісшілерді "террористер" деп атайды.
XS
SM
MD
LG