Accessibility links

Нью-Йоркте теракт құрбандарының сүйегін музейге жеткізді


2001 жылы 11 қыркүйек күні болған террорлық шабуыл құрбандарына арналған ескерткішке қойылған қаза тапқандардың бірінің фотосы. (Көрнекі сурет)

2001 жылы 11 қыркүйек күні болған террорлық шабуыл құрбандарына арналған ескерткішке қойылған қаза тапқандардың бірінің фотосы. (Көрнекі сурет)

Нью-Йорк қаласындағы Дүниежүзілік сауда орталығының қос ғимараты тұрған жерге 2001 жылы 11 қыркүйек күні террорлық шабуылда құрбан болған, бірақ кім екендері әлі күнге дейін анықталмаған адамдардың сүйектері әкелінді. Оларды сот-медициналық сараптама орталығынан бірнеше автокөлікке салып жеткізді. Бұл автоколоннаға өрт сөндірушілер және полиция ілесіп жүрді.

Құрбандардың сүйектері «11 қыркүйек» ұлттық мемориалдық музейдің жерастындағы залына қойылады.

11 қыркүйек оқиғасы құрбандарының сүйектерін зиратқа емес, музей бөліміне жерлеу туралы АҚШ билігінің шешімі, осы трагедияны мәңгі есте қалдыруға арналған бұған дейінгі басқа да шаралар сияқты, АҚШ қоғамында қарама-қайшы пікір туғызған еді.

2001 жылы қыркүйекте Нью-Йорк қаласындағы террорлық шабуылда туыстары мерт болған кейбір азаматтар билік шешіміне наразылық білдірсе, енді біреулер құрбан болғандарды оқиға болған орында жерлеуді құптаған.
XS
SM
MD
LG