Accessibility links

«Қызыл крест»: Донецкіде ұсталғандар босады


Халықаралық Қызыл крест ұйымының белгісі.

Халықаралық Қызыл крест ұйымының белгісі.

Халықаралық Қызыл крест ұйымының Еуропа мен Орталық Азия бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы Давид-Пьер Марке Украинаның шығысындағы Донецк қаласында жұма күні ұсталған еріктілердің бостандықта екенін хабарлады.

Ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігі Маркенің «кепілге алынғандар» туралы ақпаратты жоққа шығарған сөзін келтірген. Оның айтуынша, жұма күні халықаралық ұйымның тоғыз қызметкерін құжаттарын тексеру үшін ұстап, кім екендерін анықтаған соң босатқан.

Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары Қызыл крест халықаралық ұйымының Донецкідегі өкілдігіне жұма күні кешке белгісіз адамдар шабуыл жасап, жеті еріктіні ұстап алғаны жайлы хабар таратқан еді.
XS
SM
MD
LG