Accessibility links

Украинаның шығысында "референдум" өтеді


Донецкідегі ресейшіл белсенділер шеруі. 9 мамыр 2014 жыл.
Донецкідегі ресейшіл белсенділер шеруі. 9 мамыр 2014 жыл.
11 мамыр күні Украинаның шығысындағы Донецк пен Луганск облыстарында аймақтың мәртебесіне қатысты "референдум" өтеді.

Дауыс беру бюллетенінде сайлаушыға "Мемлекеттік егемендік актісін қолдайсыз ба?" деген сұрақ қойылады. "Референдумды" өзін "Донецк халық республикасы" және "Луганск халық республикасы" деп атаған аймақтың сайлау комиссиясы ұйымдастырады. Украина билігі мен батыс елдері "референдумды" заңсыз деп, мойындамайтындарын мәлімдеген.

"Референдум" бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің оны кейінге қалдыру туралы үндеуіне қарамастан өткізілгелі отыр.

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов "референдумды" "тұңғиыққа тартатын жол" деп атады. Ол Киев елдің шығысындағылармен келісім жасасуға даяр екенін, бірақ "елді жойғысы келетін бір де бір террориспен" келісімге келмейтінін айтқан.

Сарапшылар едел-жедел ұйымдастырылған "референдум" наурыз айында Украинадан бөлінуді қолдап, соңы Ресейге қосылумен аяқталып тынған Қырымдағы "референдумға" ұқсайды дейді.
XS
SM
MD
LG