Accessibility links

Румыния: Ресей вице-премьері сөзін түсіндірсін


Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин.
Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин.
Румыния билігі Ресейден осы елдің вице-премьері Дмитрий Рогозиннің қоқан-лоқы сипатындағы мәлімдемесіне қатысты түсінік беруді сұрады.

9 мамыр күні Молдованың жікшіл Приднестровье аймағына барған Рогозин Мәскеуге қайта алмай қалған еді. Румыния ол мінген ұшақтың өз территориясынан ұшуына тыйым салған. 10 мамыр күні Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасында Рогозин Румынияға "Ту-160" ұшағымен (стратегиялық бомбалаушы ұшақ) оралатынын мәлімдеген.

АҚШ пен Еуропа Одағы Мәскеудің Украинадағы әрекеттеріне байланысты Ресейдің бірқатар шенеуніктеріне виза беруге тыйым салған еді. Тыйым салынғандардың ішінде Дмитрий Рогозин де бар.

Румыния сыртқы істер министрлігі Рогозиннің мәлімдемесін "қауіпті" деп бағалап, Мәскеуді Рогозиннің мәлімдемесі Ресейдің "Еуропа Одағы мен НАТО мүшесі ретіндегі Румынияға қатысты ресми саясатын білдіре ме, жоқ па" деген сұраққа жауап беруін сұрады.
XS
SM
MD
LG