Accessibility links

Иракта шабуылдан 20 сарбаз мерт болды


Ирак картасы. (Көрнекі сурет)

Ирак картасы. (Көрнекі сурет)

Ирактың солтүстігінде содырлар әскери базаға шабуыл жасап, ирактық 20 әскериді өлтірді.

Ирак билігінің хабарлауынша, қарулы содырлар 10 мамыр күні Мосул қаласының оңтүстігіндегі Айн әл-Жахаш әскери базасындағы әскерилердің көпшілігін көлікке тиеп ұстап әкеткен.

Содырлар ұстап әкеткен сарбаздардың өлі денелері кейін база маңынан табылған, кейбір сарбаздар әскери базада қаза тапқан.

Әскерилер сол маңдағы мұнай құбыры мен маңызды көлік жолын күзетуге қойылған еді.

Бұдан бір ай бұрын да содырлар Мосул қаласының батысындағы әскери базаға шабуылдап, 12 әскериді өлтіріп, 15-ін жаралап кеткен еді.
XS
SM
MD
LG