Accessibility links

Литва президенті сайлаудың екінші кезеңіне түседі


Литва президенті Даля Грибаускайте.

Литва президенті Даля Грибаускайте.

Литва президенті Даля Грибаускайте 11 мамыр күнгі президент сайлауында қарсыластарынан басым дауыс жинап, сайлаудың екінші кезеңіне өтті.

Литваның сайлау комиссиясы берілген дауыстың түгелге жуығын санап, Грибаускайте сайлаушылардың 45 пайызға жуығының қолдауына ие болғанын хабарлады. Ол енді 25 мамыр күні сайлаудың келесі кезеңінде екінші орында тұрған социал-демократ, солшыл саясаткер Зигмантас Бальчитиспен сынға түседі.

Даля Грибаускайте Ресейдің Украинадағы әрекеттерін қатаң сынап, сайлаушылар алдындағы беделін арттырған.

Совет Одағы мен АҚШ-та білім алған экономист Грибаускайте 2009 жылы Литваның алғашқы әйел президенті болып сайланған.
XS
SM
MD
LG