Accessibility links

Ливияда мерт болған мигранттар табылды


Италия жағалауында апатқа ұшыраған мигранттарды құтқарушылар. (Көрнекі сурет).
Италия жағалауында апатқа ұшыраған мигранттарды құтқарушылар. (Көрнекі сурет).
Еуропаға бара жатқанда аударылған кемеде болған 24 мигранттың денесі Ливия маңындағы теңізден табылды. Бортында 130 адамы бар кеме өткен аптаның соңында апатқа ұшыраған еді.

Ливия флотының өкілі Аюб Билгасимнің хабарлауынша, кеме апатқа ұшырағаннан соң іле-шала көпшілігі Африка елдерінен шыққан 52 адам құтқарылып, суға батқан төрт адамның сүйегі шығарылған. Кейінірек тағы 20 адамның мәйіті табылған.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Рами Кал қаза тапқан тағы қырық шақты адамның денесі жағаға шығарылғанын мәлімдеді. Бірақ Ливия билігі бұл ақпаратқа түсінік бере қоймады.

Жыл сайын ондаған мың мигрант Ливиямен шектес Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтеді.
XS
SM
MD
LG