Accessibility links

Пәкістанда сайлау нәтижесіне қарсылық танытты


Пәкістандық саясаткер Имран Хан.
Пәкістандық саясаткер Имран Хан.
11 мамыр күні Пәкістан астанасы Исламабадта оппозицияның мыңдаған жақтасы былтыр өткен парламент сайлауында "заң бұзушылық болды" деп наразылық танытты. Наразылық шеруіне крикет ойыншысы, саясаткер Имран Хан жетекшілік жасады.

Парламент үйі алдында өткен шеруге елдің әр аймағынан жиналған 25 мыңға тарта адам қатысқан. Көпшілік алдында сөйлеген Имран Хан үкіметті 2013 жылы мамыр айында өткен парламент сайлауында "заң бұзушылықтар болуына болысты" деп айыптап, төрт аймақ бойынша дауыс беру нәтижелеріне күмән келтірді. Ол бұған қоса сайлау комиссиясы мүшелерін отставкаға кетуге шақырды.

Бұдан бір жыл бұрын өткен сайлауда елде билік бірінші рет демократиялық жолмен ауысқан еді. Сайлаудың ресми қортындысына сәйкес, премьер-министр Наваз Шарифтің "Пәкістан мұсылман лигасы" партиясы парламенттегі 342 орынның 190-ын иеленген.

Ал Имран Ханның "Техрик-е-Инсаф" партиясына парламенттен 34 орын тиіп, үшінші орын алған.

Имран Хан даулап отырған төрт округтегі дауыс беру нәтижелері сайлаудың жалпы қорытындысына соншалықты үлкен әсер етпейді.
XS
SM
MD
LG