Accessibility links

Роухани: Ғылыми, ядролық апартеидке көнбейміз


Иран президенті Хассан Роухани. Тегеран, 11 мамыр 2014 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани. Тегеран, 11 мамыр 2014 жыл.
Иран президенті Хассан Роухани Тегеран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты "алтылық елдерімен" келіссөздерде "ғылыми және ядролық апартеидті" қабылдай алмайды деп мәлімдеді.

11 мамыр күні мемлекеттік телеарнадан сөйлеген Роухани Тегеран Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, АҚШ және Қытаймен келіссөздерде "ашықтық, шынайылық" танытып отырғанын, бірақ Иранның ядролық технологиясы "талқылауға жатпайтынын" айтты.

Иранның ядролық белсенділігін азайту туралы ұзақ мерзімдік келісім жасау жөніндегі келіссөздер 13 мамыр күні жалғасады.

2013 жылы қарашада Женевада Иран мен "алтылық елдері" Тегеранның уран байытуын азайтып, есесіне халықаралық санкцияларды жұмсарту туралы уақытша келісім жасаған еді. Уақытша келісім күші шілде айында бітеді.

Ирандық консерватор саясаткерлер Хассан Роуханиді "ядролық келіссөздерде Иранның ұстанымын тым жұмсартты, есесіне батыстан айтарлықтай жеңілдік болған жоқ" деп сынап келеді.
XS
SM
MD
LG