Accessibility links

Ресей Молдоваға ЕО-ға қатысты ескерту жасады


Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин.
Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин Молдованы егер Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қойса, оның "кері салдары болатыны" туралы ескертті.

Ресейдің «Коммерсант» басылымында 12 мамыр күні жарияланған сұхбатында Рогозин "Кишинев ЕО-мен келісім жасасса, Ресей Молдовамен экономикалық қарым-қатынасын қайта қарайды" деген.

Рогозин ЕО-ға мүше елдер ол одақпен бірге НАТО-ға мүше болғанын, егер Молдова ЕО-ға мүше болса, оның бейтарап ел деген мәртебесі өзгеретінін айтқан.

Дмитрий Рогозин Мәскеу Молдованың ЕО-мен емес, Ресей бастаған Кеден Одағымен жақын байланыста болғанын қалайтынын білдірген.

11 мамыр күні Молдова қауіпсіздік күштері Кишиневте Молдованың жікшіл Приднестровье аймағына барып келе жатқан Рогозин мінген ресейлік ұшақтан қол қойылған үндеулер тапқан еді. Үндеуде Приднестровье тұрғындары "Ресейге қосылуды сұрап" қол қойғаны айтылады.
XS
SM
MD
LG