Accessibility links

Шыңжаңда "терроризм" күдігімен 232 адам тұтқындалған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының полициясы аймақта соңғы екі аптада болған террорлық актілерге күдікті ретінде 232 адамды тұтқындады.

Қытай ақпарат құралдарының 12 мамыр күні хабарлауынша, күдіктілер "терроризм мен діни экстремизмді насихаттайды" деп танылған интернет өнімдері мен онлайн видеолармен күрес науқаны барысында тұтқындалған.

Қытай астанасы Пекин көшелерінде қауіпсіздік күштері әскери көліктермен қарауылға шыға бастаған.

6 мамыр күні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында теміржол вокзалында жарылыс болып, 6 адам жаралғаннан кейін ел аумағында күш құрылымдары бақылауды күшейткен.

29 наурыз күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласында орталық теміржол станциясында пышақпен қаруланған бірнеше адам жұртқа шабуыл жасап, салдарынан 29 адам қаза тауып, 143-і жараланған еді.

Полиция шабуылдарға Шыңжаңның жергілікті халқы - ұйғырларды айыптайды.
XS
SM
MD
LG