Accessibility links

Еуропа Одағы санкция тізімін толықтырды


ЕО санкция салған адамдардың бірі - Ресей әуе десанты күштерінің қолбасшысы Владимир Шаманов.

ЕО санкция салған адамдардың бірі - Ресей әуе десанты күштерінің қолбасшысы Владимир Шаманов.

Еуропа Одағы (ЕО) Украинадағы дағдарысқа байланысты салынған санкциялар тізіміне жаңадан қосқан 13 адамның аты-жөнін жариялады.

Тізімде Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына қатысы бар шенеуніктер - Ресей президенті аппараты басшысының бірінші орынбасары Вячеслав Володин, Ресей әуе десанты күштерінің қолбасшысы Владимир Шаманов, Ресей мемлекеттік думасы конституциялық комитетінің басшысы Владимир Плигин, Ресей федералдық миграциялық қызметі басшысының міндетін атқарушы Петр Ярош бар.

Санкциялар бұларға қоса Украинаның шығысындағы сепаратистердің жетекшілеріне - Славянскінің өзін-өзі жариялаған "мэрі" Вячеслав Пономаревке, Донецкідегі сепаратистік әскери отрядтың басшысы Игорь Безлерге, өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" орталық сайлау комиссиясының басшысы Роман Ляхинге де салынған.

Тізімде Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін Қырымның жаңа билігі тәркілеген "Черноморнефтегаз" және Феодосия" компаниялары да бар.
XS
SM
MD
LG