Accessibility links

Қырғызстан Кеден Одағы жол картасын мақұлдады


Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев.

Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев.

Қырғызстан үкіметі Кеден Одағына кіру туралы жол картасының жобасын мақұлдады.

Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев 12 мамыр күні Бішкекте "жоба енді парламенттің халықаралық істер және бюджеттік саясат комитетінің талқылауына түсетінін" айтты.

Сариевтің сөзінше, үкімет жол картасын іске асыруды қаржыландыру және Кеден Одағы ережелеріне бейімделу жұмыстарын жүргізе беретінін айтты.

7 мамыр күні Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев Бішкек Кеден Одағына кіру мерзімін бір жылға шегере тұруға тырысып жатқанын хабарлаған еді. Ол жол картасы қырғызстандықтар мақұлдап, парламент пен үкімет қабылдаған соң Кеден Одағына мүше Ресей, Қазақстан және Беларусьтің бекітуіне жіберілетінін айтқан.
XS
SM
MD
LG