Accessibility links

Донецк: Азаттықтың еншілес радиосы жабылды


Донецкідегі телерадио хабарларын тарату мұнарасы. Донецк, 7 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Донецкідегі телерадио хабарларын тарату мұнарасы. Донецк, 7 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Азаттықтың Украин қызметі Украинаның Донецк қаласында бір топ қарулы адам Азаттықтың еншілес "Эра-FM" радиостанциясының хабар таратуын тоқтатып тастағанын хабарлады.

"Эра-FM" радиосы өкілдерінің Азаттықтың Украин қызметіне айтуынша, қарулы топ радионы 12 мамыр күні тоқтатып тастаған. Азаттықтың Донецкідегі тілшісі радио хабарлары тарайтын жиілікте қазір ресейшіл сепаратистерді қолдайтын "Республика" радиосының хабарлары таратылып жатқанын айтады.

11 мамыр күні ресейшіл сепаратистер Донецк мен Луганск облыстарында аймақ мәртебесін анықтайтын "референдум" өткізген еді. Халықаралық қауымдастық мойындамаған "референдум" нәтижесінде сайлаушылар қос облыстың "өзін-өзі басқаруды қолдағаны" жарияланған.
XS
SM
MD
LG