Accessibility links

Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға алаңдайды


Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.

"Қазақстан Батыс елдерінің Ресейге Украинадағы әрекетіне байланысты салған санкцияларының күшеюіне алаңдаушылық білдіреді" деп мәлімдеді ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов 13 мамыр күні Астанада орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Біздің ең ірі сауда әріптесіміз - Ресейге қатысты санкция режимінің күшеюі алаңдатады. Қазақстанға келетін тауардың 36 пайызы - ресейлік өнімдер, Ал Қазақстан экспортының 7 пайызы Ресей нарығына шығарылады. Біз бұл елден көп мөлшерде капиталдың сыртқа кетіп жатқанын көріп отырмыз. Биыл Ресей экономикасында өсім болмайтын түрі бар. Экономикамыз бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан бұл жағымды жаңалық емес" деді Келімбетов.

Оның айтуынша, Қазақстан осы жағдайда экономикалық өсім мен инфляция қарқынын қалай теңестіру жайын қарап жатыр.

Наурыз айында АҚШ Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына және Украинаға қатысты саясатына байланысты ресейлік 27 шенеунік пен "Россия" банкіне санкция салған еді. Ал сәуір айының соңында Ресей президенті Владимир Путиннің жақын серіктері мен ресейлік 17 компанияға қарсы санкция салынған. 12 мамыр күні Еуропа Одағы ресейлік тағы да бірнеше шенеунікке санкция салғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG