Accessibility links

Израиль экс-премьері сотталды


Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт.

Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт.

Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт "пара алды" деген айыппен алты жылға сотталды. Тель-Авив соты 68 жастағы экс-премьерге Иерусалим мэрі болып тұрған кезінде "тұрғын үй салуға қатысты пара алды" деп айыптаған.

Израильде бұрынғы үкімет басшысының сотталу оқиғасы алғаш рет болып отыр.

Эхуд Ольмерттің өзі қылмыс жасағанын жоққа шығарады. Экс-премьердің өкілі Тель-Авив сотының шешіміне қарсы жоғарғы сотқа шағымданатынын, ал үкім күшіне енгенше оны кепілге босатуды сұрайтынын айтты.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG