Accessibility links

Ресей ЕО санкциясына наразы


Ресей сыртқы істер министрлігі, Мәскеу. (Көрнекі сурет).

Ресей сыртқы істер министрлігі, Мәскеу. (Көрнекі сурет).

Ресей Украинадағы дағдарысқа байланысты Еуропа Одағының ресейлік бірнеше саясаткер мен шенеунікке және екі компанияға санкция салуына қатысты жауап қайтарды.

Ресей сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Еуропа Одағы кеңесінің Украина дағдарысына байланысты шешімі бұл елдегі нақты жағдаймен "еш үйлеспейді".

Министрлік Брюссель керісінше Украинаның Донецк мен Луганск облыстарында өткен "референдум" нәтижелерін құрметтеп, Киев пен Украинаның оңтүстік-шығыс облыстарының арасында диалог орнатуына жәрдемдесуі керек деді.

Мәскеу өзіне қарсы санкциялар салу арқылы Еуропа Одағы серіктес ретіндегі сенімді күйретеді деп санайды.

12 мамырда Еуропа Одағы Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты ресейлік бірнеше саясаткер мен шенеунікке және екі компанияға санкциялар салған.
XS
SM
MD
LG