Accessibility links

Қырғызстан: 19 адамымыз Сирияда соғысып жүр


Сирияда үкімет күштеріне қарсы соғысып жүрген адамдар. (Көрнекі сурет)
Сирияда үкімет күштеріне қарсы соғысып жүрген адамдар. (Көрнекі сурет)
Қырғызстан билігі елдің оңтүстігіндегі Жалал-Абад облысынан шыққан 19 азаматтың Сирияда исламшыл топтар қатарында соғысып жүргенін хабарлады.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлауынша, Түркияның арнайы қызметі Сирияға кеткен жалал-Абадтық үш қырғыз азаматының елдеріне қайтарылуына көмектескен.

Жалал-Абадтың тағы бес тұрғыны осы айда Сирияға кеткелі тұрған жерінде ұсталғаны хабарланған.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін исламшыл радикалдық топтар қатарына еніп кеткен 70-ке тарта Қырғызстан азаматтарының Сирияда көтерілісші топтармен бірге үкімет әскеріне қарсы соғысып жүрген болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Ол 70 шақты азаматтың біразы Қырғызстанға қайта оралған.
XS
SM
MD
LG