Accessibility links

ЕО мен Молдова келісімге маусымда қол қоюы мүмкін


Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпей (сол жақта) мен Молдова премьер-министрі Юрий Лянкэ. Кишинев, 12 мамыр 2014 жыл.
Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпей (сол жақта) мен Молдова премьер-министрі Юрий Лянкэ. Кишинев, 12 мамыр 2014 жыл.
Кишиневке барған сапарында Еуропа кеңесінің президенті Херман ван Ромпей Молдова премьер-министрі Юрий Лянкэні 27 маусым күні Брюссельде Еуропа Одағымен (ЕО) саяси және экономикалық ассоциация туралы келісімге қол қоюға шақырды. Келісімге қол қою ЕО саммиті аясында өтуі мүмкін.

12 мамыр күні Молдова президенті Николае Тимофти Молдова өзінің егеменді құқығын пайдаланып, "сыртқы күштердің саяси және экономикалық қысымына" қарамастан келісім жасайтынын мәлімдеген.

Тимофти мұны тікелей Ресейге қарата айтпаса да, Мәскеу Кишиневтің Брюссельмен келісім жасауына қарсылық білдіріп келеді.

Молдованың Еуропа Одағымен ассоциация келісімін жасау процесі былтыр қарашада Литва астанасы Вильнюсте өткен ЕО саммитінде басталған.
XS
SM
MD
LG