Accessibility links

"Союз ТМА-11М" экипажы Жерге оралды


"Союз ТМА-11М" ғарыш кемесінің экипажы ғарышқа ұшар алдында. Байқоңыр, 7 қараша 2014 жыл.
"Союз ТМА-11М" ғарыш кемесінің экипажы ғарышқа ұшар алдында. Байқоңыр, 7 қараша 2014 жыл.
"Союз ТМА-11М" ғарыш кемесінің капсуласы 14 мамыр күні Астана уақытымен таңертеңгі сағат 8 шамасында Жезқазған қаласының оңтүстік-шығысына сәтті қонды.

Ғарыш кемесінің капсуласымен Жерге ресейлік ғарышкер Михаил Тюрин, жапониялық астронавт Коити Ваката және АҚШ астронавты Рик Мастраккио оралды.

"Союз ТМА-11М" ғарыш кемесі Байқоңырдан 2013 жылдың 7 қарашасында ұшырылған еді. Экипаж Халықаралық ғарыш станциясына жүк, Сочи олимпиадасының алауын жеткізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Қазір ғарыш станциясында ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов, Олег Артемьев және АҚШ астронавты Стивен Свонсон бар.
XS
SM
MD
LG