Accessibility links

АҚШ профессоры: Ресей GPS-ті өшірсе зардап шекпейміз


Көліктегі GPS навигаторы. Ресей. 11 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Көліктегі GPS навигаторы. Ресей. 11 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың GPS навигаторы жүйесін жасаушылардың бірі, Стэнфорд университетінің профессоры Брэдфорд Паркинсон Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозиннің АҚШ-тың Ресейдегі навигатор жүйесінің қызметін тоқтату туралы ескертпесіне байланысты пікір білдірді.

Брэдфорд Паркинсоннің Азаттыққа айтуынша, Ресейдің мұндай әрекеті ресейліктердің өздерінен басқа қолданушыларға ешқандай әсерін тигізбейді. Профессор спутниктер Жер орбитасын айналып, сигналдарды тегін тарата беретіндіктен, Ресейдің шешімінен жалпы тұтынушыларға ешқандай зиян келмейтінін айтады.

Рогозин 13 мамырда Ресейдегі 11 GPS станциялары 1 маусымнан бастап қызметін тоқтатуы мүмкін деп ескерткен еді. Ол АҚШ 1 қыркүйекке дейін өз территориясында ресейлік ГЛОНАСС жүйесі станцияларын орнатуға келіспесе, GPS қызметі үздіксіз тоқтатылып тұратынын айтқан.
XS
SM
MD
LG