Accessibility links

Канн кинофестивалі ашылды


Актриса Николь Кидман мен актер Тим Рот фестиваль қарсаңында. 13 мамыр 2014 жыл.

Актриса Николь Кидман мен актер Тим Рот фестиваль қарсаңында. 13 мамыр 2014 жыл.

Францияда 14 мамыр күні кезекті 67-ші Канн кинофестивалі басталды. 25 мамырға дейін жалғасатын фестивальде жаңа кинолар мен өңдеу жасалған классикалық фильмдер көрсетіледі.

Биыл фестивальдің басты жүлдесі - Алтын пальма бұтағы сыйлығын иеленуден 18 картина үмітті. Олардың қатарында ресейлік режиссер Андрей Звягинцевтің "Левиафан", америкалық "Бір уыс доллар үшін" деп аталатын классикалық фильмдері бар. Басты рөлде Клинт Иствуд ойнайтын фильм фестивальдің соңғы күні көрсетіледі.

Фестивальде көрсетілетін тағы бір картина - 1982 жылы әуе апатынан қаза тапқан Грейс Келлидің өмірі туралы баяндайтын "Монако ханшайымы" фильмі. Актриса Николь Кидман басты рөлдердің бірінде ойнайтын фильмді Монаконың корольдік әулеті Келлидің өмірбаянын дәл көрсетпеді деп сынаған.
XS
SM
MD
LG