Accessibility links

Түркияда кәсіподақ жаппай ереуіл өткізбек


Кеншілердің туыстары аурухана алдында наразылық танытып тұр. Сома, Түркия, 14 мамыр 2014 жыл.

Кеншілердің туыстары аурухана алдында наразылық танытып тұр. Сома, Түркия, 14 мамыр 2014 жыл.

Түркияның ең үлкен кәсіподақ ұйымы шахтадағы апатқа байланысты бүгін елде жаппай ереуілдер өткізетінін мәлімдеді.

13 мамыр күні Маниса провинциясының Сома қаласындағы көмір шахтасында болған жарылыс өртке ұласып, апат салдарынан шахтадағы 780-нен астам адамның 282-і қаза тапқан. Шахта басшылығы апат орнынан 450-ге тарта кенші құтқарылғанын хабарлады.

Апат болған жерде психологтар қаза тапқан кеншілердің туыстарына психологиялық көмек беріп, шахтаны арнайы полиция жасағы күзетіп тұр.

Премьер-министр Режеп Тайып Ердоған шахтаға барып қайтқаннан соң апатқа үкімет кінәлі деген айыптауларды жоққа шығарды. Апат болған қалада қаза тапқан кеншілердің туыстары Ердоғанның көлігін теуіп, отставкаға кетуін талап етті.

14 мамыр күні Стамбул мен Анкарада Ердоғанның отставкаға кетуін талап еткен шерушілерді тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ бен су шашты.
XS
SM
MD
LG