Accessibility links

Ауған президенті сайлауының екінші кезеңі өтеді


Ауғанстан президенттігіне үміткерлер Абдулла Абдулла (сол жақта) мен Ашраф Гани.

Ауғанстан президенттігіне үміткерлер Абдулла Абдулла (сол жақта) мен Ашраф Гани.

Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясы президент сайлауының алғашқы кезеңінде бір де бір үміткер берілген дауыстың жартысынан көбін жинай алмағандықтан 14 маусымда сайлаудың екінші кезеңі өткізілетінін хабарлады.

Комиссия сайлаудың екінші кезеңіне үміткерлер - бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла мен Дүниежүзілік банктің бұрынғы экономисі Ашраф Гани қатысатынын айтты.

5 сәуірде өткен сайлаудың алғашқы кезеңінің түпкілікті нәтижелері бойынша, Абдулла Абдуллаға сайлаушылардың 45 пайызы, ал Ашраф Ганиге 31,6 пайызы дауыс берген.
XS
SM
MD
LG