Accessibility links

Рахмон туыстарының қызметін өсірді


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмон.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қызы Озода Рахмон.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 15 мамырда қызы - сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған Озода Рахмонның мансабын көтерді. Озода Рахмон министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ал Эмомали Рахмонның күйеу баласы Ашраф Гулов Тәжікстанның Ресейдегі елшісі болды.

Президенті бұған қоса Египет, Германия және АҚШ-тағы елшілерді де ауыстырды.

Өткен аптада Эмомали Рахмон жиені Сирожиддин Гулмурадовты Хатлон облыстық салық қызметінің басшысы етіп тағайындаған. Президенттің тағы бір күйеу баласы Джамолиддин Нуралиев бірнеше жылдан бері қаржы министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді. Президенттің үлкен ұлы Рустам Эмомали өткен жылдың соңында Тәжікстан кеден қызметінің жетекшісі болып тағайындалған.
XS
SM
MD
LG