Accessibility links

15 мамырда Тараз қаласындағы №21 мектепте белгісіз адам баллоннан газ бүркіп, 40 оқушы мен бес мұғалім уланып, ауруханаға түсті деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

16 мамырдағы дерек бойынша, ауруханада 31 оқушы жатыр. Олардың үшеуі реанимация бөлімінде, жағдайлары бірқалыпты. Өзгелері медициналық көмектен соң ауруханадан шығарылған.

Қазір аймақтық "Оңтүстік" аймақтық қолбасшылығының радиация-химиялық және биологиялық барлау қызметінің мамандары дозиметриялық сараптама жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG