Accessibility links

Славянск маңында ұрыс жүріп жатыр


Славянск маңында жүрген украин әскері. Украина, 15 мамыр 2014 жыл.

Славянск маңында жүрген украин әскері. Украина, 15 мамыр 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы Славянск қаласының маңында 16 мамыр күні таң ата үкімет күштері мен сепаратистер арасында қақтығыстар одан ары жалғасты. Үкімет әскері Славянск маңындағы сепаратистердің бекіністеріне артиллериядан шабуыл жасады.

Сепаратистер өкілінің айтуынша, 15 мамырда басталған қақтығыс 16 мамыр күні таңертең Славянскіге таяу Андреевка және Семеновка селоларының іргесінде, Красный Лиман қаласы мен Караган тауында жалғасқан.

15 мамырда Донецкідегі сепаратистердің өзін-өзі жариялаған жетекшісі Сергей Здрилюк украин қарулы күштеріне 24 сағат ішінде сепаратистер бақылауындағы Донецк, Мариуполь және басқа да қалалардың маңындағы әскері мен техникасын әкетуге ультиматум қойған. Талабы орындалмаған жағдайда сепаратистер жетекшісі "арнайы операция" жүргізіліп, украин әскері "жойылатынын" ескерткен. 16 мамырда ультиматум мерзімі бітеді.

15 мамырда Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов үкімет күштері Славянск қаласы маңында ресейшіл сепаратистердің базасын жойғанын, Краматорскінің оңтүстігіндегі сепаратистер басып алған телемұнара аумағын бақылауына алғанын мәлімдеген.

Украина қорғаныс министрлігі де 15 мамырда украин әскері Краматорск түбінде бүлікшілер бекінісін жойып, үш сепаратисті тұтқындағанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG